СҚО-да кезекті мәрте «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өтеді. Дәстүрлі шара — аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларға арналған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жомарттық пен мейірім үйлесім тапқан бастама елімізде 2019 жылы қолға алынған. Биыл «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізілмек. Өңірде тұрақты негізде жәрдем беретін ұйымдар бар. Былтыр облыста қолы ашық кәсіпкерлердің демеуімен 13 мыңнан астам балаға көмек көрсетілген. Бөлінген қаржының жалпы көлемі 480 млн теңгені құрады.

Қазіргі таңда білім басқармасы қолдауға мұқтаж балалардың тізімін жасаған. Ағымдағы жылы теріскейлік әр оқушыға 46 мың 228 теңгеге көмек беру жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мемлекеттік кірістер органы мамандары кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *