Кез-келген дертке қарсы тұрудың тиімді жолы — оның алдын алу. Петропавлда мектеп оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға арналған слет өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сыбайлас жемқорлықты қоғам дерті деп алатын болсақ, оны болдырмау үшін жастардың бойына адалдық қасиетін мектеп кезінен дарыту қажет. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында қазіргі таңда білім ұяларында «Адал ұрпақ» клубтары ашылған. Оның құрамына кіретін ұл-қыздарды ұстаздар сабақтан тыс уақытта жақсылыққа баулиды. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға арналған слет өтті.

СҚО-да мектеп оқушыларының арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған шара өтті
СҚО-да мектеп оқушыларының арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған шара өтті

«Университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше назар аударылады. Әр студентті емтиханға кірер кезде «QR» код арқылы тексереміз. Тапсырылған жұмыс «Антиплагиаттан» өтеді. Егер көшіру, смартфон қолдану әрекеттерін байқасақ, студент бірден емтиханнан қуылады. Экзаменді қайта тапсыру-тапсырмауын арнайы комиссия шешеді. Тіпті, оқудан шығарылуы да мүмкін», — деді М.Қозыбаев атындағы СҚУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Инна Джамалединова.

Қазақ ертеден ұрпағын біреудің ала жібін аттамауға, антқа берік, уәдеге шынайы жүзбен қарауға тәрбиелеген. Ата-бабаларымыздың аманатына қиянат жасамау — бүгінгі ұрпақ алдындағы басты парыз. Елімізде жемқорлық болмаса, дамудың даңғыл жолының көш басында болар едік. Айта кету керек, шараға қатысушы оқушылар ой дәптеріне түйгендерін өз мектептерінде қатарластарына жеткізеді.

«Мен мектеміздегі «Адал ұрпақ» клубының мүшесімін. Біз бастауыш сынып оқушыларына жемқорлықтың неге әкеп соғатыны жайлы түсіндіреміз. Жастайынан адалдықты жанына серік еткен жас елдің дамуына зор үлесін қосады деп ойлаймын», — деді Қызылжар ауданындағы «Парасат» мектеп-лицейінің оқушысы Санжар Қонысбаев.
Өнегеге толы шараға 60-тан астам оқушы қатысты. Оның тең жартысы — Қызылжар және Жамбыл ауданынан келген ұл-қыздар.

Тағы оқыңыз: «Қызыл-Жар»СК» футбол клубын алған инвестор жыл сайын 1 млрд теңге қаржы құятын болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *