Қызылжар ауданында оқушыларға «Закладчики. Мать.»деректі фильмі көрсетілді. Туынды есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға негізделген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Фильмнің жастарға ұсынылуы тегіннен тегін емес. Былтыр СҚО-да 50-ге жуық есірткі қылмысы тіркелген. Оның 80 пайызына 16 мен 25 жас аралығындағы азамат-азаматшалардың қатысы бар.

«Қазіргі танда ауданда «Заң жән Тәртіп» айлығы өтіп жатыр. Оның аясында аудандағы әр мектепке барып, құқықбұзушылықтар жайлы түрлі шаралар өткізудеміз. Балаларды қазірден бастап тәрбиелесек болашақта олардан ел қамын ойлайтын азамат шығады», — деді №3 Бескөл орта мектебі директорының орынбасары Айнагүл Жумина.

Туындыны тамашалауға бірсыпыра адам жиналды. Олар экраннан көз алмады. Барлығы есірткі қылмысының соңы неге алып келетінін біледі, жақсы түсінеді.

«Есірткі тұтынған және тасымалдаған жан өмірін азаппен өткізеді. Мектебімізде бұл бағытта көптеген шара өтуде. Фильмнен мол ақпар алдым. Мені қатты ойландырды. Болашаққа нық қадам басқым келсе есірткіге мүлдем жоламауымыз қажет», — «Парасат» мектеп лицейінің оқушысы Балауса Нұрлан.

Қоғам белсенділері туындыны «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында түсірген. Бұл бастама еліміздегі құқықбұзушылықтардың санын азайтуға және тұрғындардың сауаттылығын арттыруға бағытталған. Аз уақыттың ішінде өз жемісін де беріп отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да педагогтар мен әдіскерлер ЖИ-ді білім жүйесіне енгізу мәселесін талқылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *