Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылына дайындық аясында білім беру нысандарындағы жылыту жүйелері жаңартылып жатыр. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оның айтуынша, биыл облыстық бюджеттен мектеп қазандықтарын жаңарту мен жөндеуге 700 млн теңге қарастырылған.

СҚО-да мектеп қазандықтарын жаңартуға 700 млн теңге бөлінді
СҚО-да мектеп қазандықтарын жаңартуға 700 млн теңге бөлінді

– «Биыл білім беру мекемелеріне 89 қазандық сатып алынды. 11 нысанда қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр», – деді Айнагүл Сұрағанова.

Облыстағы 635 нысанның 482-сінде жылыту жүйелері жуылып, қысымы тексерілген. Бұл қатарға мектептермен бірге балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдары да кіреді.

Қазіргі таңда оқу орындары қысқа қажетті отынмен қамтылуда. Жалпы қажеттілік – 122,6 мың тонна көмір. Барлық аудандар қара отын сатып алу бойынша келісімшарт жасаған. Тек Жамбыл ауданында ғана конкурс аяқталмаған, құжаттар қайта рәсімделіп жатыр.

Мамлют, Уәлиханов, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы білім ұяларына көмір толық жеткізілген. Сондай-ақ Айыртау, Тайынша, Аққайың және Ақжар аудандарындағы колледждер де қара отынмен қамтылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Көшпенділер» атты жастар лагері басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *