СҚО-да медицина саласы қызметкерлерінің кесірінен онкологияға шалдыққан азаматтар мүгедектік ала алмай келген

СҚО прокурорлары денсаулық сақтау саласында талдау жүргізіп, қатерлі ісікке шалдыққан азаматтардың құқықтары мен мүдделерін өрескел бұзудың фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарын бұзып, 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Нәтижесінде, олар мүгедектік ала алмаған.

«Қадағалау органының актісі бойынша азаматтарға мүгедектік белгіленді, бұл оларға әлеуметтік қолдаудың барлық құқықтарын пайдалануға және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді. Осындай заң бұзушылықтарға барған 2 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 43 жастағы ер адам бес қабатты ғимараттың шатырынан секіріп, мерт болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x