СҚО-да мас жүргізуші полицейлерге бағынбаған

СҚО-да мас жүргізуші полиция қызметкерлеріне бағынбаған. Тіпті сиренаны да естімеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға Ғ. Мүсірепов ауданында болды. ВАЗ 2106 көлігінің жолда жүруі полицейлерге күмән тудырған. Сол кезде тәртіп сақшылары оны тоқтатпақ болады. Бірақ жүргізуші оны елемеген. Полицейлер оны ауылға кірер жолда ұстады. 51 жастағы тұрғын тіпті дауыс зорайтқышпен қосылған сирена дауысын да естімедім деп ақталған. Жүргізушінің мас екені анықталды.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабына сәйкес, ауыл тұрғыны мас күйінде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылады», — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x