Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі тасқын кезінде сібір жарасымен ауырып, өлген малдың көмілген қорымдары су астында қалған. Мұндай жағдай еліміздің үш облысында тіркелген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұдан адамға төнер қауіп жоқ, деп жазады Qazaqstan Media.

Көктемгі су тасқыны елді мекендерді, жайылымдарды ғана емес, сонымен қатар қауіпті инфекциялық ошақтарды — мал қорымдарын да басты.  Бұл жерлерде бұрын сібір жарасымен ауырған мал көмілген.

Бастапқыда ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағында 10 қорым  су астында қалғанын айтқан еді.  Енді бұл сан 12-ге жетті. Оның жартысы — Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

«Министрлік елдегі эпизоотиялық жағдайды бақылап отыр. Өңірлерде жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы белсенді вакцинация жүргізіліп жатыр. Зертхана сынамалары адам өміріне келер қауіптің жоқ екенін көрсетті», — дейді АШМ өкілдері.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бұрын сотталған азамат екі адамды өлтіріп, өртеп жіберген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *