[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/310b3fa2-3d9f-4160-8383-78881c514932-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Облыстың 51 емдеу мекемесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында халыққа қызмет көрсетеді. Соның 26-сында өңір тұрғындары тегін тіс емдей алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қор аясында тегін стоматологиялық қызмет көрсететін 26 емдеу мекемесінің ішінде 18-і мемлекеттік, 13 аудандық және 3-і қалалық емхана бар. МӘМС жүйесі аясында стоматологиялық қызмет барлығына бірдей қолжетімді емес. Тегін көмекті халықтың белгілі бір санаты ғана ала алады. Петропавлда мұндай қызметті көрсететін медициналық ұйымның бірі №1 емхана. Бүгінгі күні медициналық мекемеде 66 мың 580 қала тұрғыны тіркелген. Бұл жерде балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлерден бөлек медициналық сақтандырылған азаматтарға да тегін стоматологиялық қызмет көрсетіледі.
«Медициналық көмек алу үшін белгілі бір санатқа жататын азаматтар міндетті түрде құжаттарды көрсетуі тиіс. Бұдан бөлек, айта кететін жайт өмір бойы судья болып еңбек етіп кейін зейнетке шыққан тұлғаларға ай сайынғы күтімге белгілі мөлшерде көмек көрсетіледі. Бұл тұлғалар тегін медициналық стоматологиялық қызмет ала алмайды», — дейді № 1 қалалық емхананың тіс дәрігері Гүлайым Исмағамбетова.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының мәліметінше, өңірде 534 мың адам тұрса, соның 81,4 пайызы ғана медициналық сақтандырылған. Ал сақтандырылмағандар саны 99 мыңнан асып жығылады. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтардың жауабын «fms.kz» сайтында, «qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы немесе 1406 нөміріне хабарласып ала алады.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]