СҚО-да мәдениет басқармасының басшысы болып Санат Әубәкіров тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасына енді Әубәкіров Санат Амангелдіұлы  жетекшілік ететін болады. Ол 1986 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Николаевка ауылында дүниеге келген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Санат Әубәкіров облыс әкімінің 2024 жылғы 29 шілдедегі бұйрығымен СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басшысы болып тағайындалды.  Ол «Көкше»  академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар гуманитарлық – техникалық академиясында «Қаржы»мамандығы оқыған. 

Санат Амангелдіұлы еңбек жолын 2005 жылы № 3 Бескөл орта мектебінде зертханашы болып бастаған.

2008 жылдан 2012 жылға дейін ҚР  Ішкі істер органдарында қызмет етті.

2012-2014 жылдары «Дайындық»ЖШС басқарушы болды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы болды. Одан кейін бір жыл Бескөл ауылдық округі әкімінің орынбасары, әлеуметтік-қаржылық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы болып еңбек еткен.

2017 жылдан 2019 жылға дейін «Asa»ЖК басшысы болды.

Ал, 2019- 2023 жылдары аралығында  ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Санат Әубәкіров Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы, аудан әкімінің  орынбасары болып та қызмет ектен.

«2023 жылғы 15 қарашадан бастап облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы басшысының орыбасарының міндетін атқарды. Кейін орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 11 наурыздан бастап жаңа тағайындауға дейін аталмыш басқармада басшының  міндетін атқарды»,-деп жазылған  өмірбаянында.

Тағы оқыңыз: Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 4 790 салынған және сатып алынған үй мен пәтерлер берілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x