Солтүстік Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бірнеше жылдан бері «Тen Qogam» жобасы жүзеге асырылып келеді. Оның аясында ерекше жандар көпшілік арасында сұранысқа ие мамандықтарды игереді. Мәселен, бьюти саласы, әлеуметтік желілерде жарнама жүргізу немесе графикалық дизайнер, массаж жасаушы мамандақытарының курстарынан өтіп, сертификат алады, деп жазады Qazaqstan Media.

«Ten Qogam» жобасы обылстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша «Ардос жүрек» ЗТБ жүзеге асырып келеді. Басты мақсат- мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету, қоғамға бейімдеу және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Алғашында жобаға қатысушылар саны саусақпен санарлық болса, қазір бірнеше есеге артқан. Әсіресе сұлулық саласында қызмет көрсеткісі келетін қыз-келіншектердің саны көп екен.

СҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар қызмет көрсету мамандықтарын игеруде
СҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар қызмет көрсету мамандықтарын игеруде

«Мен визажист мамандығы бойынша оқыдым. Бес жылдан бері осы саладамын. «Ten Qogam» жобасы аясында екінші жыл қатарынан курстарды жүргізіп келемін. Курсқа қатысушылардың жас ерекшеліктері әр түрлі. 16 жастағы да, 40 жастан асқан келіншектер де келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасаймыз. Мысалы, шәкіртіміз ұзақ жүріп-түра алмаса, арнайы орындық қоямыз. Курс аяқталғасын сертификат береміз. Жұмысқа орналасқандар бар»,- дейді визажист қыздарды дайынжап жүрген Анастасия Радченко.

Қазіргі кезде Анастасия мектеп бітіруші түлек Ульяна Кузнецоваға бьюти сала бойынша курс өткізіп жатыр. 11 сыныпты аяқтаған қыздың білімін әрі қарай жалғастыруға жағдайы жоқ екен. Сондықтан Ульяна, жанына жақын мамандықты игеріп, жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр.

СҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар қызмет көрсету мамандықтарын игеруде
СҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар қызмет көрсету мамандықтарын игеруде

«Мен жоба, курс туралы құрбымнан білдім. Оқуды жалғастыруға мүмкіндік болмағасын, осында келдім. Еш өкінбеймін. Жалпы маған қыздарды әдемілеп бояндырған ұнайды. Бұрыннан қызығамын. Сондықтан, жақсы визажист болсам деген мақсатым бар», — деп өз ойымен бөлісті Ульяна Кузнецова.

Бүгінде «Ten Qogam» жобасы аясында облыста массажист, графикалық дизайнер, визажист, СММ және мобилография, шаш сәндеу бойынша курстар ашылған.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы ҰҰ академиясының курсанттары президент қолынан офицерлік шен алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *