Солтүстік Қазақстанда жұмысшылардың құқықтарын таптап, жалақыларын дұрыс төлемеу фактілері анықталды. Ол прокурорлық тексеріс кезінде белгілі болды. 2024 жылы 2462 маманның конституциялық құқығы қорғалды, деп жазады Qazaqstan Media.
Прокурорлардың тексерісі кезінде жұмысшылардың жалақысынан әлеуметтік төлемдерді негізсіз ұстау фактілері анықталды. Мәселен, Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғалары ынталандыру ақыларын төлеу үшін 20 қызметкерден екі миллион теңге көлемінде жалақыны ұстап қалған.
Бұл Еңбек кодексінің 115-бабының талаптарына қайшы келеді.
«Дәл осындай жұмысшылардың құқықтарының бұзылуы Олимпиадалық резервтегі дайындық орталығында анықталды. Сонымен қатар, М. Жұмабаев ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде және облыстық денсаулық сақтау басқармасында анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заңсыз ұсталған сомалар қайтарылды», — деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы.
Тексеріс барысында 23 жұмысшының құқығы қорғалған. Ал жалпы қадағалау органы былтыр 2462 қызметкердің мүддесін қорғады.
Тағы оқыңыз: Алқабилерге қысым көрсетілді: СҚО-да заңсыз кен өндірісімен айналысқан Долгалевтің ісі қайта қаралады