Қазақстанда инвесторлардың құқығың қорғауға арналған «Прокурорлық сүзгі» механизмі іске қосылды. Бұдан былай мемлекеттік органдар қадағалау органының келісімінсіз қалтасы қалың азаматтарға қатысты тексеріс жүргізіп, әкімшілік іс қозғай алмайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгінге дейін өңір прокурорлары инвесторларға қатысты шектеу шаралары бар 75 материалды қарап шықты. Нәтижесінде, негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартудың — 10, заңсыз тексерудің екі фактісі анықталды.

Бұдан бөлек, «Әкімшілік құқықбұзушылықтың бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі арқылы 22 заңбұзушылықтың жолын кескен. Заңсыз әрекеттері үшін төрт лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде Аққайың аудандық мемлекеттік кірістен басқармасының басшысы бар.

Тағы оқыңыз: Солтүстіктің ауылынан шыққан жас спортшы грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *