СҚО-да квазимемлекеттік ұйым басшысы 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған

СҚО-да ірі кәсіпорын иесі 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып, 11 жылға сотталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Марат Қазиев айтты, деп жазады Qazaqstan Media.

Биылғы жылы облыста сыбайлас жемқорлық фактілері былтырғыдан қарағанда тоғыз пайызға өскен. Былтыр 33 дерек болса, осы жылы 36 пара беру мен алу оқиғасы анықталды. Оның ішінде сыбайлас жемқаорлыққа қарсы агенттік мамандары 25 факт, полицейлер 7, Ұлттық қауіпсіз комиетінің мамандары 5 деректі анықтаған. Биылғы жемқорлық фактілерінің 32-сі жедел әрекет ету барысында анықталыпты.

Қылымыстық өндірістегі 54 істің 20-сы сотқа жолданған. Осы жылы 37 азамат сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар күдікті ретінде тіркелді.  Оның 14-і сот алдына барған.

«Сыбайлас жемқорлыққа пара беру, алу, мемлекет ақшасын жымқыру да жатады. Мысалы, 100 пайыз мемлекетке тиесілі ірі кәсіпорынның бұрынғы басшысы 100 мың доллар көлемінде пара алған.Ол квазимемлекеттік сектордағы нысан болатын. Петропавл қалалық соты басшыны 11 жылға соттау туралы шешім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,-деді Марат Қазиев.

Ал, мемлекеттік кірістер департаментінің маманы астаналық ЖШС директорынан 10 мың теңге пара алған үшін сот алдында жауап берді. Ол ақшаны  серіктестік  атына әкімшілік хаттама жазбау үшін алған.  Петропавл қалалық соты пара бергенді де, алған маманды да жауапқа тартты. Пара көлемінен 15 пен 60 есе көп айыппұл төлеуге міндеттеген.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де түрде жәрдем көрсететін адам және ол туралы ақпарат мемлекеттің қорғауында болады.

 «E — Otinish» порталы арқылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті атынан уәкілетті органға немесе прокуратура органдарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің байланыс орталығына 1424 телефонына тікелей хабарласуға болады»,-деді Марат Қазиев.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы да саусақ ізін тапсыру міндеттелмек

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x