СҚО-да квадроциклді басқара алмай аударылып қалған ер адам комада жатыр

Аққайың ауданында квдароцикл аударылып, көліктің астында қалған ер адам облыстық көпбейінді ауруханада ес-түссіз жатыр. Оған бір ота жасалды, деп хабарлады Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға 19-шы қыркүйек күні СҚО Смирнов ауылында болған еді. 56 жастағы ер адам төрт жасар немересін аулада квадрациклге отырғызып, ойнатып жүрген. Сол кезде көлікті басқара алмай, аударылып қалған. Салдарынан бүлдіршін аудандық ауруханада қайтыс болды. Ал квадроциклді басқарған ер адамның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

«Пациентке кеше Аққайың аудандық ауруханасында шұғыл ота жасалды. Бүгін санавиация арқылы облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазір облыс дәрігерлерінің бақылауында. Комада жатыр. Қандай да бір болжам жасау қиын», — деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оның бас сүйегінің сол жағы ішке қарай сынған. Дәрігерлер оған бас миының ашық жарақаты, мидың ауыр жарақаты, ми комасы деген диагноз қойып отыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық полицейлер қаңғыбастармен жұмысты күшейтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x