Қаржылық мониторинг агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті цифрлық активтерді заңсыз айналымға шығару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Үш азамат тиісті лицензиясыз криптовалюта қабылдау және айырбастау операцияларын жүргізіп, заңсыз жолмен пайда тапқаны үшін сотталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша,  үш азамат тиісті лицензиясыз криптовалюта қабылдау және айырбастау операцияларын жүргізген. Олар криптовалюта биржаларынан алынған қаражатты пайдаланып, криптокошелек арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен айырбас операцияларын жүзеге асырған.

«Қазақстан Республикасының аумағында қызметі тыйым салынған криптобиржалар арқылы жасалған бұл операциялар заңсыз болып саналады. Заңсыз айырбас операциялары нәтижесінде схеманы ұйымдастырушылар цифрлық активтерді ұлттық валютаға айырбастаған. Жалпы айналым сомасы 681 млн теңгеден асады. Сонымен қатар, 380 адам осы үш азаматпен криптовалюта бойынша транзакциялар жасағаны анықталды, бұл іс-әрекет банктік шоттардан алынған үзінділермен расталды», — делінген ҚМА ұсынған ақпаратта.

Сот үш күдіктіні 2,5 жылдан 3,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі.

«Құны шамамен 400 млн теңгені құрайтын мүлік тәркіленді, оның ішінде 10 млн теңге көлемінде активтер, 150 млн теңге бағасындағы жылжымайтын мүлік, жалпы құны 213 млн теңге болатын бес көлік, 12 млн теңге тұратын квадроцикл және қымбат компьютерлік жабдықтар бар», — делінген жазбада.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *