Православтық христиандар үшін аса қасиетті Крещение Господне мерекесі келе жатыр. Қазір өңірімізде мейрамға қызу дайындық жүруде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Православтық христиандар үшін аса қасиетті Крещение Господне мерекесі келе жатыр. Қаңтардың 19-шы жұлдызында немесе алдағы дүйсенбіде дәстүрлі амалдардың бірі жасалады. Жұртшылық өзен-көлдерге түседі. Қазір өңірімізде мейрамға қызу дайындық жүруде.

СҚО-да «Крещение Господне» мерекесіне дайындық пысықталды
СҚО-да «Крещение Господне» мерекесіне дайындық пысықталды

«Солтүстік Қазақстан облысында суға түсуге болатын 19 ресми орын дайындалып жатыр. Өңір аумағындағы храмдарда әзірленуде. Діни орындарда шомылуға және қасиетті суды құйып алуға болады. Құтқарушылар, полицейлер және медицина қызметкерлері бақылау жүргізеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 230-дан астам адам мен 89 техника жұмыс істейді», — СҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Дәурен Таубаев.

Биыл Петропавлда былтырғы жағдай қайталанады. Өзіміз жақсы білетіндей, өткен жылы православтық христиандар діни амалдардың бірін жасау үшін Есіл өзенінің бойындағы қалалық жағажайға емес, Черное көліне барды. Ол Қызылжар ауданының аумағында орналасқан. Жергілікті билік қарапайым халық жету үшін автобустар бөліпті. Қоғамдық көліктер әр 30 минут сайын қатынайды.

«Өткен жылы біз анализ жүргіздік. Сонда 8 мыңнан астам адам Прибрежное ауылының маңындағы Черное көліне барғанын ұғындық. Тағы 10 мың жерлесіміз қаладағы 5 храмда қасиетті суға түскен. Автобустар тұрғындарды тегін тасымалдайды. Оған отыру үшін Пестрое көлінің аумағындағы аялдамаға бару қажет. Шомылған жандарға ыстық шай ұсынылады. Жылыну үшін 40 және 20 орындық шатырлар тігіледі», — деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Төренова.

Ескерер жайт бар! Суға мас күйде және секіріп түсуге болмайды. Өзен-көлдерде өздігімен ойық жасауға да рұқсат етілмейді. Мерекеде арнайы рейдтер ұйымдастырылмақ. Егер бұзушылық тіркелсе, тәртіп бұзушы тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қолданылған Жаңа жылдық шыршалар жануарларға азық ретінде беріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *