Солтүстік Қазақстан облысында конституциялық реформа жөніндегі ақпараттық жұмыс тобы белсенді әрекет етуде. Спикерлер өңір ұйымдарына барып, алдағы өзгерістердің мән-мазмұнын түсіндіріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Облыстық мәслихат депутаты Евгений Кинцель тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының ұжымымен кездесті. Ол негізгі жаңашылдық, олардың мақсаттары мен күтілетін нәтижелер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, өкілеттіктерді қайта бөлуге және мемлекеттің әлеуметтік рөлін күшейтуге ерекше назар аударылатынын жеткізді.
«Қазір біз ҚР азаматтарына, СҚО тұрғындарына жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысудамыз. Мен күн сайын 2 ұжыммен кездесіп, күтілетін өзгерістерді баян етемін. Осындай кезеңде тұрғындармен кездескеніме өте қуаныштымын. Бұл — біздің міндетіміз.
Адамдар сұрақтар қояды. Көбін заңда, сот жүйесінде, жергілікті басқаруда адам құқықтарының сақталуы қызықтырады. Өте орынды сауалдар. Бірлесе талқылаймыз, әрбір жанмен тілдесуге дайынмын», — облыстық мәслихат депутаты Евгений Кинцель.
Тағы оқыңыз: Петропавлда Қазақстан–Беларусь агросеминары өтті

