Солтүстік Қазақстанда қызылша өршіп тұр. Бүгінде облыстың 87-і тұрғыны індет жұқтырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгіндері қызылша 31 бала мен 56 ересектен анықталған. Оның 78 жағдайы Петропавл қаласында тіркелді. Дертті
СҚ кәсіби педагогикалық колледжінің бір студенті де жұқтырған. Онымен байланыста болғандар анықталды.
«Аудандар бойынша, М. Жұмабаев ауданында 3 адам қызылшамен ауырып жатыр. Мамлют ауданында 2 жағдай, Аққайың, Айыртау, Қызылжар мен Жамбыл аудандарында бір фактіден тіркелді», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімі журналистерден көмек сұрады