СҚО-да кіші өзендерде мұз жару жұмыстары жалғасуда

Ғ. Мүсірепов ауданында Шарық және Ақанбұрлық өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемгі су тасқыны кезінде өзен-көлдердегі мұз кептелісін болдырмас үшін мұз жару жұмыстары жүргізіледі. 26-шы наурыз күні осындай шара Ғ. Мүсірепов ауданындағы бірқатар учаскілерде жасалды. Айиалық, Раисовка ауылы маңындағы Шарық өзенінде, Чистополье ауылы маңындағы Ақанбұрлық өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Ақанбұрлық өзеніндегі Григорьевский ауылы жанындағы көпірі маңында, Есіл өзенімен тоғысқан жерінде мұздар жарылды.  Жарылған мұздың жалпы ауданы 1200 шаршы метрді құрады. Оған 160 кг жарылғыш зат пайдаланылған.

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны ер адамның 9 миллион теңгесін сақтап қалуға көмектесті

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x