СҚО-да кеш басталған орақ науқаны өндірістің төмендеуіне әкелді

Солтүстік Қазақстанда орақ науқанының кешеуілдеуінен ауыл шаруашылығы саласында өндіріс көлемі төмендеп кеткен. Ет өндірісі де азайған, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыстық әкімдіктің отырысында өңірдің сегіз айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Жетекші саланың бірі — ауыл шаруашылығында, әсіресе өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің төмендеуі байқалады дейді мамандар.

Экономика басқармасының мәліметінше, ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 5,3% — ға төмендеген.

«Ауа райына байланысты егін жинау кешеуілдеді.  Осыған байланысты өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 11,3% — ға төмендеуі байқалады. Мал шаруашылығы өнімінің көлемі 0,7% — ға ұлғайды. Сүт өндірісінің 6,2% — ға, жұмыртқа өндірісінің 3,9% — ға өсуі байқалады. Айта кету керек, ет өндірісі 5,3% — ға төмендеген. Облыстың 11 ауданында ет өндірісі азайды. Негізгі себеп — тұрғындардың иеліктеріндегі және шаруа қожалықтарындағы қолда бар мал саны бойынша деректерді нақтылау бойынша жұмыстардың жүргізілуі», — деп түсіндірді облыстық экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ет өндірісінің төмендеу үрдісі жыл басынан бері жалғасып келе жатқанын атап өтті. Ол аудан әкімдеріне мәселені зерттеп, оның не себепті орын алғандығын анықтауды тапсырды.

«Аудан әкімдері тек фактілерді айтумен ғана шектеледі. Нақты себебін ешкім зерттеп, анықтауға тырысқан жоқ. Ешқандай шаралар қабылданбады.  Тоғыз айдың қорытындысы бойынша кадрлық шешімдер қабылдаймыз. Уақыт бар, жұмыс істеу керек. Үкімет жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы өсімді 41% — ға қамтамасыз ету міндетін қойды. Алайда көрсеткіштер төменге құлдырап барады. Жағдайды реттеу керек», — деп атап өтті өңір басшысы.

Тағы оқыңыз: Шал ақын ауданында үш фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x