Ақжар ауданында «Солтүстік-2025» қысқы спорттық ойындары аясында керлинг және конькимен жүгіруден облыстық чемпионат өтті. Жарысқа облыстың 13 ауданы қатысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
«Солтүстік-2025» спорттық ойындары аясында өткен керлинг және конькимен жүгіруден облыстық чемпионатқа 126 спортшы қатысқан. Оның 52-сі керлинг, ал 74-і конькимен жүгіру жарысынан бақ сынады.
«Солтүстік-2025» қысқы спорт мерекесі аясында аралас командалар арасында керлинг бойынша бірінші орыннан Тайынша ауданының спортшылары көрінді. Екінші орынды Қызылжар ауданы иеленсе, үшінші орын ақжарлықтарға бұйырды. Ал конькимен жүгіру спортында бірінші орынды 352 ұпаймен Шал ақын ауданының командасы иеленді. Екінші орыннан 344 ұпаймен Қызылжар ауданы көрінді. Ал алаң иелері ақжарлықтар үшінші орынды місе тұтты. Олар 333 ұпай жинады», — деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Нина Усенко.
Сондай-ақ, «Солтүстік-2025» аясында шайбалы хоккей, ринк-бенди және қысқы президенттік көпсайыс бойынша жарыстар өткізілді. Соңғы кездесулер 20-23 ақпанда өтеді. Ал келесі аптаның соңында «Солтүстік-2025» қысқы спорт мерекесі аяқталып, жеңімпаздар анықталатын болады.
Тағы оқыңыз: Тасқынға дайындық: Тайынша ауданында бөгеттер нығайтылып жатыр