СҚО-да кейбір мектептер қашықтықтан оқытуға көшті. Себебі, білім ұяларында 500-ден астам оқушы ЖРВИ-мен ауырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы өңір мектептерінде жекелеген сыныптар үшін қашықтан оқыту форматының уақытша енгізілгенін хабарлайды. Бұл шара профилактикалық сипатқа ие және білім алушылар арасында маусымдық вирустық жұқпалардың таралуына жол бермеуге бағытталған. Мұның барлығы оң өзгерістерге алып келетіні сөзсіз.
«Мониторинг қорытындысына сәйкес, облыстың білім беру ұйымдарында 59 сыныпта 506 оқушының сырқаттануы тіркелді. Аталған сыныптар уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Өтпелі кезең нысаналы түрде, аурушаңдық деңгейі 30%-дан асқан сыныптарға ғана қолданылады», — деп хабарлады СҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.
Оқыту процесі цифрлық білім беру платформаларын пайдалана отырып толық көлемде жалғасуда. Петропавл қаласында 8 мектепте қашықтан оқытудың ішінара форматы енгізілді. Сондай-ақ, Айыртау ауданы мен Тимирязев аудандарындағы кей білім ұяларының оқушылары үйде білім алуда.
Тағы оқыңыз: Елімізде азаматтар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы алдын ала біле алатын жүйе іске қосылды

