СҚО-да кей аудандар көктемгі су тасқынына дайын емес

СҚО прокурорлары аудандардың көктемгі су тасқынына дайындығын тексеріп, бірқатар өрескел заң бұзушылықтарды анықтады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Айталық, Айыртау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары тасқын су басатын елді мекендерден қар шығару жұмыстарын ұйымдастырмаған. Сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда су өткізгіш құбырларды тазалау жұмыстары да жүргізілмеген.

«Дәл осындай олқылықтар Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Есіл аудандарында да анықталды. Ал Тимирязев ауданында инженерлік техника мен инертті материалды алуға шарт жасалмаған. Сонымен бірге Мамлют, Ғ. Мүсірепов, Уәлиханов аудандарының жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары қорғаныш топырақ үйіндісін нығайту және су өткізгіш құбырларды орнату бөлігінде 2024 жылғы су тасқынына дайындық бойынша инженерлік жұмыстар жоспарының іс-шаралары орындалмады», — деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қадағалау органының шаралары бойынша жергілікті атқарушы органдар бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізуде.

Тағы оқыңыз: Биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланады

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x