Солтүстік Қазақстан облысында ТЖМ арнайы көлігі мен жеңіл машина соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы «Петропавл – Есіл» тас жолында болған. Қызылжар ауданындағы Якорь және Соколовка ауылдарының арасында 37 жастағы JAC автокөлігінің жүргізушісі КамАЗ-ға соғылған. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Кейін жүк төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі екені анықталды.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп көрсетілген облыстық ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде ер адам спирт сатып келген