Петропавлға жұмыс істеуге келген жас дәрігер Денис Петров көтермақысын ала алмай жүр. Облыс әкімі орынбасарының қабылдауында болған маманға мәселені сот арқылы шешуге кеңес берілді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петров — солтүстіктің тумасы. Ол Астанадағы медциналық университетті бітіргесін, туған жеріне жалпы практикалық дәрігер ретінде жұмыс істеуге келген. Кейін өз қаражатына травматологқа оқып, қалалық көпбейінді ауруханаға орналасады.

СҚО-да көтермақы берілмеген жас дәрігер сотқа жүгінбек
СҚО-да көтермақы берілмеген жас дәрігер сотқа жүгінбек

«Мен қалаға жас дәрігер ретінде келіп, көтермақыға өтініш бердім. 3,5 млн теңге көлемінде ақша берілуі тиіс еді. Алайда, денсаулық сақтау басқармасы өтінішті кері қайтарып отыр. Себеп — менің алғашқыбетте жалпы практика дәрігері ретінде келіп, жұмыс істеуімде. Бірақ, ол кезде де мен көтермақы алған емеспін. Енді мәселе шешілмесе, көрші Ақмола облысына кетуді жоспарлап отырмын»,-дейді жас дәрігер Денис Петров.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қаныш Бижановтың айтуынша, ол бұл мәселеден хабардар. Және оған ереже бойынша көтермеақы бере алмайды. Себебі, ол травматолог болғанға дейін облыста жұмыс істеген. Яғни, жас маман болса да, екінші рет жұмыс істеді деген есепте тұр. Егер, басқарма көтермақы беретін болса, ревизиялық комиссия тексерген уақытта оны қайтартып алады екен.

«Бұл жерде менің ойымша, әдістемелік қателік болып тұр. Қазір жақсы дәрігерден айырылып қаламыз. Сондықтан, барлық заңгерлік көмек көрсету керек. Себебі, Көкшетауға кететін болса, ол жақта көтермақсын ала алады. Қолдау болады. Аталмыш мәселені шешудің бір жолы, сотқа өтініш жазу керек. Егер сот көтермақы төлеу керек, деген шешім шығарса, онда басқарма толықтай өтейтін болады. Сондықтан сотқа жүгініп көріңіз», деді Рүстем Құрманов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда науқастар жарты жыл бойы дәрі ала алмай жүр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *