Көпбейінді облыстық аурухананың бас директорының міндетін атқарушы болып Нұрлан Бағдәулетұлы Айманов тағайындалды. Ол бұрын өңірдегі бірнеше аурханаға жетекшілік еткен еді. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау саласын да басқарды, деп жазады Qazaqstan Media.
Нұрлан Бағдәулетұлы Ақтөбе қаласының тумасы. Бірақ, еңбек жолы Солтүстік Қазақстанмен тығыз байланысты. Ол 2007 жылы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін«Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы №1 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында санитар болып бастаған. Кейін сол мекемеде мейіргер болып жұмыс істеді.
2008–2010 жылдары Петропавл қаласындағы Балалар облыстық ауруханасында балалар хирургі, 2010 жылдан бастап осы аурухананың кеңес-диагностикалық бөлімінің меңгерушісі болды.
2016 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық аурухананың бас дәрігері болып тағайындалған.
2019 жылдан бастап СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, 2021 жылы – басқарма басшысы қызметін атқарды.
2022–2025 жылдары ол көпсалалы облыстық балалар ауруханасының директоры болды. Тағайындауға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Тағы оқыңыз: Петропавлда құбыр зақымдалып, тұрғындар сусыз отыр

