СҚО-да көпбалалы ана өз қызын пышақтап тастады

Солтүстік Қазақстанда көпбалалы ана үй тапсырмасын орындамаған қызына пышақ жарақатын салған. 11 жастағы оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп жазады Qazaqstan Media.

Қайғылы оқиға Уалиханов ауданының Өндіріс ауылында болған. Көпбалалы ана үй тапсырмасын орындамағаны және оқу дәптерін дұрыс жүргізбегені үшін қызының жамбас тұсына пышақ сұғып алған.

Жарақат алған оқушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы СҚО-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Сұрағанова Instagram-дағы парақшасында жазды. 

СҚО-да көпбалалы ана өз қызын пышақтап тастады

«Қазіргі уақытта жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді, жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлердің бақылауына алынған. Қыз Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір істің мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізілуде. Оқиғаға қатысты комиссия құрылды. Отбасына бардым», — деп жазды Сәуле Сұрағанова.

Зардап шеккен қыздың ата-анасы алты бала тәрбиелеп отыр. Олармен балалардың атасы мен әжесі бірге тұрады екен.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жаңа орылған бидайды сақтайтын жер жоқ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x