СҚО-да жол-көлік оқиғасының салдарынан тағы бір адам қаза тапты. Қайғылы жайт Айыртау ауданында орын алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қайғылы оқиға Айыртау ауданындағы «Лобаново-Заря»автожолында орын алды. Алдын ала болжам бойынша «Chevrolet Niva» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Тиісінше, машина жол шетіне шығып кетіп, аударылды.

Рөл тізгіндеген жан оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алған. Олар бірден ауруханаға жеткізілді.

«Адам өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады»-, деп қысқа қайырды СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *