13 қаңтар сағат 18:00-де облыста бірнеше бағыттағы автомобиль жолдары жабылған болатын. Бүгін сағат 10:00-де шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
СҚО-да ауа райы күрт суытты. Сынап бағанасы –30°С-тан асып кетті. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кеше өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Шектеу қоғамдық және дизельді көліктерге арналған. Көлік қозғалысы бүгін 10:00-де ашылды. Бірақ, жауапты органдар тұрғындардан жолда абай болуларын сұрайды. Мүмкіндік болса алыс жолға шықпаған жөн. Себебі, алдағы күндері де суық ауа райы сақталады деп күтілуде.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жолаушылары бар автобус жолда қалды

