Солтүстік Қазақстанда 59 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан жарақат алған зейнеткер ауруханаға жетпей қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қайғылы оқиға Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында наурыздың бірі кешкі сағат сегіздер шамасында болған. Lada автокөлігін тізгіндеген 59 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан 1959 жылы туған ер адам ауыр жарақат алып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп толықтырды СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға шақырады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге, әсіресе қараңғы уақытта жолдан өткен кезде сақ болу керектігін ескертеді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да сатып алған үйлердің бағасын қолдан көтерген қоныс аударушылар сотталды