Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны машина сатып алып, жалған нөмір таққан. Сол үшін қамауға алынып, көлік басқару құқығынан айырылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға Уәлиханов ауданында болған. «ВАЗ 2111» маркалы автокөлігін басқарған «М» есімді азамат көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тағып алған. Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Іс Уәлиханов аудандық сотында қаралды.
«Сот отырысында азамат «М» өз кінәсін мойындады. Және «ВАЗ 2111» автокөлігінде көлік құралын тіркеу куәлігінің жоқтығын былай деп түсіндірді. Оның айтуынша, ол машинаны ауызша келісім арқылы сатып алған кезде мемлекеттік тіркеу нөмірлері болмаған», — делінген облыстық соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Алайда оны полицейлер тоқтатқан кезде көлікте жалған нөмір болған. Осыны ескерген сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны үш тәулікке қамауға алып, бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Тағы оқыңыз: Жаңа банкнота айналымға шықты