Солтүстік Қазақстанда ауыл азаматтары мен полицейлер аударылған жүк көлігі жүргізушісіне көмектесті. Абырой болғанда жүргізуші дін аман, деп жазады Qazaqstan Media.

Үшінші қараша күні түстен кейін Ғ. Мүсірепов ауданның Токсан би ауылы маңында жүк таситын бос ГАЗ көлігі жол жиегіне аударылды.  Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының экипажы — капитан Асхат Қайыржанов пен аға лейтенант Самат Жақтаев  жедел жетеді. Олар бірден көмек көрсетудің амалдарын қарастырады.

СҚО-да көктайғақ салдарынан жүк көлігі аударылды
СҚО-да көктайғақ салдарынан жүк көлігі аударылды

«Полицейлер жедел көмек ұйымдастырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Тәртіп сақшылары «Западное» ЖШС басшылығымен келісіп, арнайы техника тартты. Келген трактор аударылған ГАЗ-ды орнына қойды. Желді трассадағы жұмыс шамамен бір жарым сағатқа созылды. Жүргізуші полицейлер мен шаруашылық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, аудан орталығына қарай жолын жалғастырды»,-деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.

ГАЗ көлігі  ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақ салдарынан  аударылған. Абырой болғанда, 49 жастағы жүргізуші жарақат алған жоқ.

Биыл 10 айда облыста  482 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 45 адам қаза тауып, 637 адам жарақат алды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда екі күннің ішінде 30-ға жуық адам көшеде құлап, жарақат алған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *