СҚО-да кәсіпкерлер палатасы жанынан салалық  құрылыс кеңесі құрылды

Атамекен кәсіпкерлер палатасында салалық құрылыс кеңесінің алғашқы отрысы өтті. Оның кұрамына өңірдің құрылыс және жобалау компанияларының белді  өкілдері кірді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Құрылыс кеңесіне мүшелікке енген мамандар аталмыш салада қордаланып қалған мәселелерді мемлекеттік органдар мен үкіметке жеткізетін болады. Сондай-ақ кәсіпкерлер НҚА сараптамасына, мемлекеттік бағдарламаларды, ұсынымдарды әзірлеуге және іске асыруға белсенді қатысатын болады. Палатаның салалық кеңестерінің отырыстары тоқсан сайын облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларының төрағалығымен, ал жарты жылда бір рет өңір басшысының қатысуымен өтпек.

Жаңа құрылған кеңестің төрағасы болып Ash Stroy ЖШС директоры, «Қазақстан құрылысшылар одағы» ЗТБ облыстық филиалының төрағасы Әміржан Шәкей сайланды.

«Бірінші отырыста құрылыс материалдарын өндірушілердің өтініштері, E-Qurylys порталымен байланысты проблемалық мәселелер, сондай-ақ құрылыс компанияларының табиғи монополиялар субъектілерімен өзара қарым-қатынасындағы проблемалар қаралды. Құрылыс кеңесін құру бизнес пен мемлекет арасындағы диалогты нығайту, сала проблемаларын шешу және оны одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін маңызды қадам болып табылады деп санаймын», — дейді Әміржан Шәкей.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 60-қа жуық үй сатып алынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x