Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша жүргізілген тексеріс кезінде заң бұзушылықты анықтады. Кінәлі шенеунікке айыппұл салынды, деп жазады Qazaqstan Media.

Прокуратураның мәліметінше, облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жеке кәсіпкерге қатысты заңсыз тексеріс жүргізу туралы шешім шығарған. Тараптар арасында азаматтық-құқықтық қатынас болғанына қарамастан, департамент Кәсіпкерлік кодекс талаптарын бұзған. Нәтижесінде, кінәлі лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Прокуратура кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 100 АЕК (432 500 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылғанын еске салды.

Егер кәсіпкерлердің құқықтары бұзылса, олар прокуратура органдарына, соның ішінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топқа тікелей хабарласа алады: +7 (771) 362-08-99.

Тағы оқыңыз: «Құлагер» ХК чемпионат фаворитінен басым түсті

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *