Солтүстік Қазақстанда «Дорожник Ашық аспан» ЖШС Германиядан әкелген техникасын тіркей алмай жүр. Кедендік және өзге де рәсімдерді өтсе де, ауыл шаруашылығы басқармасы оны алғашқы тіркеуден өткізбей отыр. Ведомство сәйкестік сертификаты мен декларация сұратқан, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Техникасын тіркеуге қоя алмаған бизнесмен облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгінген. 2014 жылы шығарылған техника бұған дейін қолданыста болған. Оны алғаннан кейін серіктестік барлық кедендік кедергілерден өтіп, елге келгесін оны тіркеуге қоймақшы болады. Алайда осы тұста кедергілерге тап болған. Бастапқы есепке алып тіркейтін орган, яғни бұл жерде ауыл шаруашылығы басқармасы құжаттарын кері қайтарыпты.

СҚО-да кәсіпкер шетелден алған техникасын тіркей алмай жүр

«Техника Еуропадан сатып алынды. Оны алмас бұрын біз барлығын жан-жақты зерттедік, құжаттарды қарадық. Ауызша басқармадан сұрадық, олар есепке қоя алмаймыз, тіркемейміз деді. Мен барлық заңды, ережелерді қарап шықтым, қолданыста болған техниканы тіркеуге қоймайтындай талап болуы мүмкін емес. Біз техниканы әкелген кезде тіркеуге өтініш жаздық, олар рұқсат бермеді. Ереже бойынша сәйкестік сертифиакаты мен декларация сұрап отыр. Олар оның бағасына, халықаралық талаптарға қарап отырған жоқ», — дейді серіктестік заңгері Наталья Мутницкая.

Шетелден әкелген техникасын тіркей алмағандықтан «Дорожник ашық аспан» ЖШС алдағы жол жөндеу  жұмыстарына қатысты конкурстарға да қатыса алмайды. Өз кезегінде облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жалғас Сүлейменов, мәселені сот арқылы шешуді ұсынды.

«Осы уақытқа дейін де бізге шетелдік қолданыста болған техниканы тіркеу бойынша өтініштер түскен. Барлығына рұқсат берілген жоқ. Қазір біз рұқсат ететін болсақ, ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін. Сондықтан, серіктестік сотқа жүгінсін. Мәселені сот арқылы қарастырайық», — деді Жалғас Сүйлеменов.

Мұндай жауап әрине өтініш беруші тарапты қанағаттандырмады. Кәсіпкерлер палатасының жиынына қатысқан прокуратура өкілдері аталған  мәселеден хабардар. Өздеріндегі кеңесте қарастырған. Облыс прокурорының бірінші орынбасары сұрақты 17-ші ақпанға дейін қарастырып, шешім қабылдауды тапсырды.

Осылайша, Германяидан әкелген техниканы тіркеу не тіркемеу уақыт еншісіне  қалдырылды.

 Тағы оқыңыз: СҚО-да керлинг және конькимен жүгіруден облыстық чемпионат өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *