[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-14-at-09.16.43-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Қазақ ұлттық Өнер университетінің «Кино және теледидар» факультетінің студенттері аққайыңдар өлкесінде тарихи көркем фильм түсірді. Туынды Бейімбет Майлиннің «Күлпәш» шығармасына негізделген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Түсірілімге 18 адам қатысқан. Олардың барлығы — Қазақ ұлттық Өнер университетінің студенттері. Дарынды жастар өңірге табан тірер алдында 3 ай тынымсыз дайындалыпты. Түсірілімнің өзі 10 күнге созылған. Туындының қоюшы-режиссёрі – Ернат Сәбитов. Астанада білім алатын талантты жас – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.
«Солтүстік Қазақстан облысын бекерден-бекер таңдаған жоқпын. Біріншіден, теріскейдің табиғаты тамаша. Екіншіден, «Күлпәш» шығармасындағы оқиғалар солтүстік өңірлерде болған. Туындымыз шынайы шықсын деген ниетпен кіндік қаным тамған жерге тартып кеттім»,- дейді Ернат Сәбитов.
Жас режиссёр тарихи көркем туындыны байқауларға қатыстырғысы келеді. Ол қазылардың бағасын алып, өзінің қарым-қабілетін білуге, шеберлік шыңдауға ниетті.
«Әзірге отандық телеарналармен келісімге келген жоқпыз. Егер ұсыныс түссе қуана қабыл алып, туындымызды ұсынамыз. Қолдау жағына келер болсақ, фильмді өз қаражатымызға түсірдік. Біздің басты мақсатымыз – өткенімізді насихаттау және еліміздің енді дамып келе жатқан киноматография саласына үлес қосу»,- дейді Ернат Сәбитов.
«Күлпәш» тарихи көркем фильмі 2 айдан соң дайын болмақ. Туынды алғаш болып қандай байқауда ұсынылатыны әзірге белгісіз.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]
Күрделі тарихи тақырыпты таңдаған жас режиссерлердің батылдығы құптарлық қадам.