Солтүстік Қазақстан облысында ауыр қылмыстары үшін екі рет сотталған ұры- Геннадий Дейкинге қатысты сот үкімі шықты. Биыл көктемде ол Петропавл қаласы мен Мамлют ауданында бірнеше үйге ұрлыққа түсті деген күдікке ілінген болатын. Оған қоса ол сол кезде өтіп жатқан сот отырысына себепсіз қатыспаған. Сондықтан Мамлют ауданыдық  соты оған іздеу жариялаған еді, деп жазады Qazaqstan Media.

2025 жылдың көктемінде Петропавлда жеке тұрғын үйлерге ұры түсіп жүргені туралы қауесет тарай бастады. Көп ұзамай бұл ақпарат әлеуметтік желілер мен үй чаттарында кең таралып, қала тұрғындарын дүрліктіре бастады.  Ұры Зайсан мен Береке, Жұмсшы кенттеріндегі жер үйлерді, қала маңындағы саяжайларды тонаған деген ақпар шықты.  

Полиция бұл қылмыстарға  бірнеше сотты болған, сол кезде іздеуде жүрген Геннадий Дейкинді күдікті ретінде қарастырды. Ол уақытта Мамлют аудандық сотында Геннадий Дейкинға қатысты іс қарастырылып жатқан еді. Алайда, рецидивист ұры сот отырысына қатыспаған. Сол себепті  оған іздеу жарияланады.

Оңай олжа…

Сот істерінде белгілі болғандай жетінші наурыз күні Геннадий Дейкин Мамлютка қаласына жеңіл олжа іздеп таксимен барады. Жолда ізін жасыру үшін ұялы телефонын сөндіріп тастайды. Елді мекенге жеткесін  иесіз үйді тауып, қолына түскен заттарды алып кетпекші болады.

Осылайша оның назарына  Мамлютка  қаласындағы Мұхтар Әуезов көшесіндегі бір үй ілігеді. Темір қақпа ілгекпен ғана жабық тұрған. Иығымен бір-екі рет итергесін-ақ есік ашылып, ол үйдің кіреберісінен болгарканы алып кетеді. Кейін оны 10 мың теңгеге сатқан. Ақшаға азық-түлік алыпты. Ал, үй иесі ұрланған затты 32 мың теңгеге бағалады.

Ұры мұнымен тоқтамай, сол көшенің бойымен өзге үйлерге кірмекші болады. Бір баспананың қоршауынан өткен кезде, әйел адамның жүргенін аңғарып, қаша жөнеледі. Геннадий Дейкинді полицейлер іздеу жарияланғаннан кейін үш аптадан соң Петропавлда ұстады.  Ал, 25-ші шілде күні Мамлют аудандық соты оған үкім шығарды.

Сот барысында ұрланған болгарка иесі келтірілген шығын өтелгенін айтып, талап қоймады. Ал үйге кіремін деп, әйелді шошытып алу фактісі бойынша, қылмыс құрамының жоқтығынан ақталып шықты.  

Айта кету керек, Дейкиннің бұрынғы соттылықтары әлі де жойылмаған. Прокурордың айтуынша, сотталушы түзелуге ұмтылмаған.

«Геннадий Геннадьевич Дейкин ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. ҚР ҚК 14-бабына сәйкес, оның әрекеттерінде қауіпті рецидив белгілері бар деп танылсын. Сот оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды», — деп жариялады Мамлют ауданының судьясы Азамат Дүйсенов.

Геннадий Дейкин жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, сотталушы оны қайта қарауға өтініш бере алады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жұмыста жарақат алған автобус жүргізушісіне төлем инспекция араласқаннан кейін жасалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *