Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз есірткі айналымына тосқауыл қойылды. Бұл заңбұзушылық облыстық ҰҚК мен прокуратураның мамыр айында бірлесе өткізген операциясы кезінде анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Лас жұмыспен айналысқандардың барлығы — Қазақстан азаматтары. Олар есірткіні заңсыз дайындап, сатты деген күдікке ілінді. Тінту барысында 200 келіден астам есірткі шикізаты, 4 литр “экстракционды апиын” ерітіндісі және есірткіні өндіруге арналған арнайы құрылғылар тәркіленді.

Қазіргі таңда айыпталушылардың үстінен ҚР ҚК 297 бабының 1 тармағы бойынша іс қозғалды. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айыпталушылар кінәлі деп танылса өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.