Биыл Имантау-Шалқар курорттық аймағы жол-көлік оқиғалармен есте қалуда. Бір айдың ішінде аталған аумақта екі жағымсыз жайт орын алды. Өкінішке қарай, соның біреуінде үш жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шілденің 20-сы күні «Саумалкөл-Айыртау» автожолында Mitsubishi Outlander және Volkswagen Golf автокөліктерінің қатысуымен қауіпті жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 13 жасар бала түрлі деңгейдегі жарақат алды. Жасөспірім бірден аудандық ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, рөл тізгіндеген жандар мен төрт жолаушыға да медициналық көмек көрсетілді.

«Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Жол-көлік оқиғасына кімнің кінәлі екенін тексеріс жұмыстарынан кейін анықтайтын боламыз»,- деді облыстық ПД редакцияға берген жауабында.

Осыдан бір ай бұрын «Көкшетау-Рузаевка» автожолында жол-көлік оқиғасы орын алған болатын. Салдарынан өкінішке қарай, ол оқиғада үш жасар бала қаза тапты. Дәрігерлер қанша тырысқанымен кішкентайды аман алып қалу мүмкін болмады.

Айта кету керек, жыл басынан облыста жол-көлік оқиғаларының салдарынан 16 адам қаза тапты. 330 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды.

Тағы оқыңыз: «Қызылжар» ФК аутсайдерден жеңілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *