Шапшаңдық пен төзімділік сыналатын сайыс. Петропавлда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Асылбек Мұстафинді еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Азамат ішкі істер саласында ондаған жылдар бойы еңбек етіп, қоғам тыныштығын күзеткен. Сонымен қатар, аймақта аталған спорт түрінің дамуына сүбелі үлес қосып, шәкірт тәрбиелеген.

Шапшаңдық пен төзімділік сыналатын сайыс. Петропавлда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Асылбек Мұстафинді еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті
Шапшаңдық пен төзімділік сыналатын сайыс. Петропавлда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Асылбек Мұстафинді еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті

«Жарысқа 160-қа жуық палуан қатысуда. Оның ішінде Ресейден келген жеткіншектер де бар. Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жеңімпаз бен жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болады», -деді грек-рим күресінен СҚО аға жаттықтырушысы Жанарбек Қабдолов.

Бозкілемде 75 келі салмақ дәрежесіндегі палуандар белдесуде. Ортада — солтүстікқазақстандық Санжар Өмірғазы және ресейлік Артем Кривоногов. Бастапқыда қарсыластар бір-біріне дес бермеді. Көрермендер нағыз тартыстың куәсі болды.

Балалардың шеберліктері айызды қандырды. Әдемі әдістер мен комбинациялар жарыстың көркін қыздырды. Кездесудің тартысты өткені соншалық, төрешілерге жеңімпазды анықтау қиынға соқты. Уақыт өте жергілікті жас жеңіске жетудің жолын тауып, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Шапшаңдық пен төзімділік сыналатын сайыс. Петропавлда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Асылбек Мұстафинді еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті
Шапшаңдық пен төзімділік сыналатын сайыс. Петропавлда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Асылбек Мұстафинді еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті

«Грек-рим күресімен айналысып жүргеніме 5 жылдан асты. Қарсыластарым жарысқа тыңғылықты дайындалып келген. Кездесуде жамбас әдісімен жеңіске жеттім. Болашақта әлемдік додаларда атой салғым келеді»,- деді турнирдің қола жүлдегері Санжар Өмірғазы.

Турнирдегі әр белдесу — кескілескен шайқаспен пара-пар. Айқын басымдықпен жеңіске жеткендер сирек болды. Облыстық ашық турнир 12 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Келесі жылы аталған жарыс республикалық деңгейде өткізілетін болады.

Тағы оқыңыз: СҚО соттарында судьялар ауысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *