Солтүстік Қазақстанда гид пен экскурсоводтар үшін арнайы семинар ұйымдастырылды. Себебі, соңғы жылдары өңірдің тарихымен танысып, табиғатын тамашалауға келетін қонақтар саны артқан, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Соңғы жылдары Шалқар-Имантау курортық аймағына дем алуға келетін шет елдік туристердің қатары артқан. Биыл облысқа 58 мыңнан астам турист келген. Сондықтан Петропавлда гид пен экскурсоводтарға сұраныс артқан. Ендігі мәселе – оларға сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
«Солтүстік Қазақстан облысына тек көршілес елдерден ғана емес, Европа мен Азия мемлекеттерінен келетін туристер саны артқан. Жыл басынан өңірдің көрікті жерлерін аралауға, табиғатын тамашалауға 58 мыңнан астам адам келді. Әсіресе, Шалқар-Имантау курорттық аймағы сұраныс жақсы. Сондықтан облыста гид пен экскурсоводтардың қатарын арттыру керекпіз. Олар қонақтарға сапалы әрі білікті қызмет көрсетулері керек. Облстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының тапсырмасы бойынша, жас гидтерге арнайы оқыту семинарын ұйымдастырдық. Оған қазір 12 маман қатысып жатыр», — дейді СҚО кәсіпкерлер палатасы туризм және қонақ үй бизнесі комитетінің төрағасы Виталий Витченко.
Семинарды Алматыдан арнайы келген тренер Арина Джаманғараева. Оның гид-экскурсовод болып жүргеніне сегіз жылдан асқан. Сонымен қатар Арина әлемдік туристік гидтер қауымдастығы федерациясында мүшелік етеді. Ел бойынша талай шет елдік қонақтарды қарсы алып, гид болған Арина Джаманғараева семинар барысында қатысушыларға өзінің тәжірибесімен бөлісіп, кеңестерін берді.
«Экскурсовод, гид болу қиын. Себебі, туристік маршрут барысында түрлі оқиғалар болып жатыр. Гид соның бәріне дайын болуы керек. Ол тек белгілі бір аймақты, мекеменің тарихын, оған қатысты оқиғаларды біліп қана қоймай, оны қызықты етіп жеткізуі шарт. Туристер арасында түрлі адамдар келеді. Бұл жерде психологияны да білу шарт. Шет елдік қонақтарға елімізді тек жақсы жағынан таныстырып, жақсы пікір қалыптастыруда гидтің орны ерекше. Келеңсіз жағдай болса, заңды тұрғыдан қалай шешу керектігін де үйретеміз», — дейді WFTGA туристік гиді Арина Джаманғараева.
Семинар жеті күнге шақталған. Оның барысында гидтер тек теорияны ғана емес, практиканы да меңгеретін болады. Соңында емтихан тапсырып, оларға сертификаттар табысталады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті