[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/depositphotos_39120681-stock-photo-pastures.webp» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Оңтүстіктен біздің өлкеге көшіп келген отбасының жайылым жерлерін заңсыз тартып алуда. Бұл мәселе СҚО Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Арыстан» шаруа қожалығының иелері 2019 жылы ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жер учаскесін 6 жылға жалға алған. Кейін несиеге мал мен техника сатып алыпты.
«Шаруа қожалығында 5 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз еттік. Олардың орташа жалақысы 170 мың теңгені құрайды. Өзіміздің тарапымыздан жасалуы тиіс шаруаны толықтай орындап келеміз. Ауыл тұрғындарын жеңілдетілген бағада шөппен қамтамасыз еттік. Енді сиыр өсіріп, ісімізді одан әрі дамытамыз ба деп отырғанда жерді қайтаруымызды сұрайды», — дейді «Арыстан» шаруа қожалығының өкілі Азамат Абдрахманов.
Есіл ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Евгений Губаның сөзінше, дау өткен жылдың мамыр айында басталған. Петровка ауылында тұратын азаматтардың бірі аудан әкіміне мал жаюға арналған жайылымдық жерлердің жетіспейтінін айтып шағымданыпты.
«Бұдан соң біз егістік алқаптарын аралап, округтегі жайылымдық жерлерді көрсеттік. Тұрғын тынышталғандай болды. Алайда, жыл соңына қарай дау қайтадан басталды. Азаматтар бүлік шығарып, облыс прокуратурасына дейін хабарласты, шаруа қожалығының үстінен шағым жазды. Ауылдық округ әкімі тұрғындармен жүздесіп, бұл учаскені қайтарып алу туралы шешім қабылданды. Бұдан әрі облыс әкімдігі әзірлеген Жол картасы негізінде біз жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою рәсімін бастадық. Осыдан соң біздің үстімізден прокуратураға шағым түсті», — дейді Евгений Губа.
Яғни, жасалып жатқан әрекеттің заңға қайшы екені туралы хабар келген. Жер учаскесін алу жұмыстары 2023 жылдың 10 маусымында басталады. Демек, олардың осы аумақты жайылымдық жерлер жоспарына енгізуге уақыты бар екенін түсіндірді Евгений Губа. Бұл ретте аудан әкімдігі кәсіпкерге басқа учаске бере алмайды, бірақ ол өтемақыны өтеуге дайын. Облыстық жер инспекциясының өкілдері өз кезегінде аталған факті бойынша ШҚ жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы қаулының күшін жою туралы аудан әкімдігінің атына ұйғарым берілгенін атап өтті. Олар Есіл ауданының әкімдігі бұл ұйғарымға сот тәртібімен шағымдануға ниетті деген жауап алған. Аудан әкімдігіне жерді мәжбүрлеп алып қою туралы заңсыз қаулының күшін жоюды және заңнамаға сәйкес әрекет етуді ұсыну туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, кеңес мүшелері кінәлі лауазымды тұлғаларды жер заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]