СҚО-да есірткі саудасына қатысты жазаланғандардың төрттен бірі – 23 жасқа дейінгі жастар

Өңірде жыл басынан бері заңсыз есірткі айналымына байланысты 112 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың 25-і – 17 мен 23 жас аралығындағы жастар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық ПД мамандарының сөзінше, өңірде есірткі тұтынушылар мен оны сатушылардың жасы едәуір жасарған. Мәселен, 10-12 жыл бұрын есірткі сатушы немесе есірткі тұтынушы 30-40 жас аралығындағы жандар болса, қазіргі уақытта бұл әртүрлі әлеуметтік топтағы және 15 пен 25 жас аралығындағы жастар екен. Биыл есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін 112 адам, оның ішінде 17 мен 23 жас аралығындағы 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал былтыр осы кезеңде 7 адам ғана ұсталған екен.

«Бүгіндері нашақорлықтың алдын алудың мақсатты аудиториясы – жастар болып отыр. Өңірде 2022-2023 жылдарға арналған есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу шараларын жетілдіру жөніндегі жол картасы бар. Сол бойынша жыл басынан бері 410 профилактикалық іс-шара өткізіліп, оған 50 мыңнан астам адам қатысты»,-дейді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзди.

Тағы оқыңыз:Қызылшаға қарсы қосымша вакцина қойылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x