Шілде айының соңында Петропавлда полицейлер психотроптық заттарды сатуға арналған интернет-дүкен ашты деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Мессенджердегі дүкен «Пенсионер» деп аталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ұсталған азамат -облыс тумасы. Ол бұған дейін де мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған. Полицейлер оның жалдап тұрған пәтерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді 85 орам заңсыз зат тапты.
Сараптама нәтижесінде бұл жалпы салмағы 130 грамм болатын α-PvP синтетикалық есірткі екені анықталды.
Сонымен қатар, тексеру барысында орау материалдары, таразы мен өлшеу қасықтары тәркіленді. Қылмыстық іс материалы сотқа жіберілді. Есірткіні аса ірі көлемде сатқаны үшін күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Жыл басынан бері СҚО полицейлері есірткіге қатысты 215 құқықбұзушылықты анықтаған. Оның 103-і — сату фактісі. Заңсыз айналымнан 771 кг зиянды зат тәркіленді. Оның ішінде 4,7 кг синтетикалық есірткі бар, — деді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдері жыл басынан 150-ден астам адамға көмек көрсетті