СҚО-да есірткі саудалаған жасөспірім сотталды

Солтүстік Қазақстанда есірткі таратқан жасөспірім сотталды. Ол өмірінің бес жылын түрмеде өткізеді, деп жазады Qazaqstan Media.

17 жастағы колледж студентін полицейлер өткен жылдың қараша айында ұстаған. Оны тінту барысында 50 грамм а-PvP есірткісін тапты. Бұл аса ірі көлем болып саналады.

Жасөспірімге қатысты сот шешімі сәуір айында шығарылған болатын. Ол кезде оның жасы 18-ге толмаған еді. Бірақ сот оған қарамастан студентті бес жылға соттады. Сот шешімі заңды күшіне енді.

«Өткен жылы жеңіл ақша тапқысы келетін, есірткі саудасымен айналысқан бес жасөспірімді ұстадық. Айта кету керек, есірткі жасыратындар орташа үш айдай ғана жұмыс істейді. Аса ірі көлемде есірткі таратқан үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — дейді СҚО ПД есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда азаматтық некедегі әйелін балағаттаған ер адам сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x