Солтүстік Қазақстанда есірткі саудасына қатысы бар әйел 13 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді. Ол осыған дейін дәл осындай қылымысы үшін түрмеде отырып шыққан

Солтүстік Қазақстанда есірткі саудасына қатысы бар әйел 13 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді. Ол осыған дейін дәл осындай қылымысы үшін түрмеде отырып шыққан, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істеді деген күдікпен ақпан айында ұсталған болатын. Оның Интернационал көшесіндегі үйінен және Потанин көшесіндегі есірткі жасырған орнынан тәртіп сақшылары салмағы 230 грамм мефедрон және «α-PvP» синтетикалық есірткіні тәркіледі. Қала тұрғыны наркологияда есепте тұр. Ол бұған дейін дәл осындай қылмысы үшін істі болған. Келіншек есірткілерді өзіне алғанын айтқанымен, жедел-тергеу іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары оның аса ірі көлемде синтетикалық есірткілерді өткізуге қатысы бар екендігі дәлелденді. Сот оны есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметтері бойынша жыл басынан бері облыста 21 кг 500 гр есірткі тәркіленді, оның ішінде 5 кг 220 грамы синтетикалық есірткі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бір сағат ішінде айлық мөлшердің жартысынан асатын жауын жауды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x