СҚО-да жантүршігерлік оқиға орын алды. Ер адам иіс тиіп уланып, көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қайғылы оқиға Тимирязев ауданында желтоқсанның сегізі күні орын алды. Екі пәтерлі баспананың тұрғындары газ иісіне уланды. Салдарынан 34 жастағы ер адам қаза тапты. Ал 1966 жылғы әйел адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Анықталғандай олар анасы мен баласы екен. Қазір анасы ес-түссіз ауруханада ем қабылдауда.
Аталған факті бойынша полиция тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Тұрғындар иіс тиіп уланған. Қайғылы оқиға пештің дұрыс жұмыс істемеуінен болған»,- деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда Орман шағын ауданындағы жаңа көшелерге атау берілді

