Петропавлдағы қалалық көпбейінді аурухана аттан  оттың үстіне қлаған ер адам жеткізілді. 38 жастағы ер адамның денесін күйік шалған әрі бұғанасы сынған, деп жазады Qazaqstan Media.

Пациенттің сөзіне сүйенсек, ол салт атпен серуендеп жүріп, тепе-теңдікті сақтай алмаған. Ол жерде жанып тұрған оттың үстіне құлайды.

«Дәрігерлер оның аралас жарақаттар алғанын анықтады: бұғанасының орнынан шығып сынуы және денесінің шамамен 2% (сол жақ иығы мен алдыңғы кеуде жағы) 3А-Б дәрежелі отқа күюі диагнозын қойды. Бастапқыда пациенттің қолы жұмсақ Дезо таңғышымен таңылды, кейін травматологтар сүйек сынықтарын іштен бекітіп, ашық түрде репозиция операциясын жасады»,- деп хабарлады аурухана мамандары.

Бүгінгі күні ер адам өзін жақсы тұрақты сезінеді, күйік жаралары үнемі өнделіп, стерильді таңғыштармен таңылуда. Ол травматология бөлімшесінде мамандардың бақылауымен емделуді жалғастырып жатыр.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы: Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *