[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/WhatsApp-Image-2023-01-19-at-14.18.43-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Облыстың емдеу мекемелеріне 14 жедел жәрдем көлігі берілді. Олардың барлығы аудандық ауруханаларға үлестірілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл Президенттің бастамасымен ауыл тұрғындарын медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру басталды. Оның арқасында өңірде алдағы уақытта 46 емдеу мекемесі бой көтермек.

«Қазірдің өзінде тиісті жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Осы жоба аясында емдеу мекемелерінің материалдық базасын жақсартып, заманауи қызметтік көлікпен қамту жоспарда бар. Міне, бүгін өңір аудандарына 14 жедел жәрдем көлігі берілді. Бұл ауыл тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамту үшін маңызды», — деді көлік кілтін табыстаған СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

Арнайы құрал-жабдықтармен жарақталған бір қызметтік көліктің құны – 18 млн теңге тұрады. Ол тұрғындарға амбулаторлық қызмет көрсетуге арналған.

«Бұл көліктер жағдайы орташа деңгейде деп бағаланған науқастарға қызмет көрсетуге арналған. Ал жағдайы ауыр не реанимациялық көмек қажет жандарға бізде әр ауданда реанимобильдер бар», — деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

Емдеу мекемелерінің автопаркі әбден тозған. Сондықтан алынған көліктер жеткіліксіз. Өңірдің медициналық мекемелеріне әлі 45 машина қажет.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x