Аққайыңдар өлкесінде элеваторлар күзгі өнімді әртүрлі бағада қабылдаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Марлен Хамзин мәлімдеді, деп хабарлады Qazaqstan Media.

Аққайыңдар өлкесінде элеваторлар күзгі өнімді әртүрлі бағада қабылдаған. Назар аударатын жайт, артық табысқа кенелуді көздеген астық қабылдау орындарының саны 20-дан асып жығылады.

СҚО-да элеваторлар астықты әртүрлі бағада қабылдаған
СҚО-да элеваторлар астықты әртүрлі бағада қабылдаған

«Бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша өзекті мәселе анықталды. Облыстағы 22 элеватор астықты қабылдау, кептіру, тазалау, сақтау және жөнелту құнын өзгертіп отырған. Мысалы, жұмыс күндері қалыпты баға сақталған. Ал демалыс және мереке күндері төлемді әжептәуір арттырған. Бұл дерек бізге жетті. Департамент қызметкерлері тиісті шараларды қабылдады, нәтижесінде бірізділік қағидасы орнады», — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Марлен Хамзин.

Жалпыға ортақ талапты орындамаған серіктестіктің атауы «Астық Орда Север» деп аталады. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорынға 881 265 теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Сонымен қатар, Марлен Хамзин Петропавл теміржол вокзалына қатысты бұзушылықты баян етті.

«Бізге өңірдегі астық қабылдау орындарының бірінен өтініш түсті. Кәсіпкер «Оңтүстік-Орал» темір жолының Петропавл бөлімшесіндегі электронды таразының қызмет құны жоғары екенін алға тартады. Дереу тексеруге кірістік. Әлі талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ, біз қазірдің өзінде жүгінуші тараптың базынасы орынды екенін көріп отырмыз. Қызмет бағасы көтерілген. Жақын арада нақты шешім қабылданады», — деді спикер.

Жалпы, жыл басынан бері департамент өкілдері бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтарды жою бойынша 24 ұйғарым шығарып, ұйымдарға жолдаған. Бүгінгі таңда соның барлығы назарға алынып, туындаған мәселе шешімін тауыпты.

Тағы оқыңыз: Жаңа жыл қарсаңында кибералаяқтық көбейеді: полиция тұрғындарды сақ болуға шақырды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *